今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы күні екі алтын алды

15 四月 2021 20:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында бүгін бес салмақта жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар, Токио олимпиадасы жолдамасының иегерлері Валентина Исламова-Брик пен Эльмира Сыздықова өздерінің бабында екендігін таныта білді.

В.Исламова-Брик 50 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда өзбекстандық Жасмин Иммаеваны да мерзімінен бұрын жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Э.Сыздықова 76 кг салмақта алғашқы белдесуінде қырғызстандық Айпері Медетқызына 1:6 есебімен есе жіберіп қойды. Дегенмен ол өз тобында екінші орынмен жартылай финалға, одан кейін соңғы бәсекеге жолдама алды. Финалда Эльмираны тағы да А.Медетқызы күтіп тұрды. Бұл жолы қазақстандық балуан қарсыласынан айласын асырып, таза жеңді.

Тағы бір қазақстандық Айша Уәлишан 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Осылайша әйелдер арасында жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы екі алтын, бір қола медальға қол жеткізді. Ертең тағы бес салмақта мықтылар анықталады. Биыл Азия біріншілігіне Қытай мен Жапония құрамалары қатысып жатқан жоқ. Сондықтан басқа елдердің балуандарына командалық есепте топ жаруға мүмкіндік туып тұр.


作者 Елжан Ералы
关键词: Спорт,
回到顶部