今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда бір аптада жедел жәрдемге 6 мыңға жуық қоңырау шалынды

22 十月 2021 14:09

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада жедел жәрдем стансасына 5950 қоңырау шалынып, соның 773-і немесе 12,9 пайызы ковидке байланысты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның көрсеткіштері бойынша 122 адам стационарға жатқызылды.

Өткен тәулікте 912 шақыртудың 103-і коронавирусқа қатысты болып, 23 адам ауруханаға түсті.

А.Қалибековтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 791 науқас амбулаториялық ем алып жатса, 75 пайызының ауруы жеңіл өтуде. 6 пайызы орташа халде, 19 пайызы - симптомы жоқтар.

Сондай-ақ өңірде 931 төсектік 16 инфекциялық стационарда 249 науқас (26,7 пайызға толған) ем алуда. Соның ішінде 88 төсектік жансақтау бөлімшесінде 19 пациент (21,6 пайыз) жатыр. Бұлардың 12-сі жүрек-қан тамырлары ауруларына, төртеуі қант диабетіне шалдыққан.

«Облыста «Спутник V», «QazVac», «Vero Cell» вакциналары жеткілікті. Күні бүгінге дейін 232 587 адам вакцинаның бірінші, 210 681-і екінші компонентімен егілді. Өңірде ауру жұқтыру соңғы екі аптада 14,4 пайызға азайғанымен, бұл індет өкпені тез зақымдайды. Әсіресе, созылмалы сырқаты, артық салмағы бар адамдар үшін аса қауіпті. Сондықтан уақыт өткізбей, екпе алу керек», деді А.Қалибеков.

Пандемия басталғаннан бері барлығы 38 542 науқас тіркеліп, соның 81,7 пайызы (31 504) жазылып шықты. 800-і, биыл 631 адам індеттен қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қазан айында 1 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 230-ға жуық оқушыдан коронавирус анықталды.



回到顶部