今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бейбіт Атамқұлов жыл соңына дейін тапсырылатын жобаларды атады

28 九月 2021 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы жобаларын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жыл соңына дейін іске қосылатын жобаларды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл соңына дейін келесі жобаларды пайдалануға беру жоспарланған:

Бірінші - Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту комбинатын кеңейту жөніндегі жоба («KAZ Minerals Aktogay» ЖШС). Бұл сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын жылына 2 есеге, яғни 50 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, ал мыс өндірісін 90%-ға арттырып, жылына 190 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

Екінші - Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы жоба. Қазір біз жылына 700 млн алюминий банкілерін импорттаймыз. Осы жобаны іске асыру тамақ өнеркәсібінің ішкі қажеттілігін 65%-ға (жылына 500 млн.бірлік) қамтамасыз етеді.

Үшінші - Қарағанды облысында Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу жобасы - «Qaz Carbon» ЖШС (Каз Карбон). Кәсіпорын жоғары сапалы ферроқорытпалар мен агломерат марганецтерін алу үшін инновациялық технологияларды пайдаланады. Шығарылатын өнім толығымен экспортқа бағытталған (АҚШ, Жапония, Корея, Түркия және Еуропа елдері).

«128 жобаның толық қуатына шығуы ел экономикасының одан әрі дамуына оң серпін береді. Өндіріс көлемі шамамен 1 трлн теңге. Экспорттық әлеует 800 млн АҚШ долларын құрайды. Ауылдық жерлерде 5,5 мың, ал моноқалаларда (Саран, Екібастұз және Риддер қалалары) 1,6 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазіргі жағдайда индустрияландырудың жақсы қарқыны бірінші бесжылдықта берілген серпіннің арқасында сақталып отырғанын атап өткен жөн», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл елімізде 1,23 трлн теңге болатын 128 жоба іске қосылады.

Осы бағытта инвестиция тарту жағынан 2 өңір көш басында тұр.



回到顶部