今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 33 науқас қайтыс болды

14 五月 2021 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 14 мамырдағы ақпарат жарияланды.

14 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 472 адам коронавирус инфекциясынан (38 955 КВИ+ және 517 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 14 279 пациент стационарда, 25 193 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 774 адамның жағдайы ауыр

• 180 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бір тәулікте 33 адам коронавирустан, 4 науқас пневмониядан қайтыс болған.


回到顶部