今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл 1 қарашадан бастап Қазақстанда жаңа ақылы жолдар болады

18 九月 2021 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazAvtoJol компаниясы жаұында пайдалануға беруге дайын ақылы учаскелер туралы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан - Павлодар», «Шымкент - Өзбекстан шекарасы» (Ташкент), «Щучинск - Көкшетау», «Қапшағай - Талдықорған», «Шымкент - Тараз», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда» учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын. Бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Аталған учаскелерді пайдалануға беру туралы бұйрық жобалары мемлекеттік органдардың келісуінде», - делінген компания мәліметінде.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазан айынан тестілік режимде, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі 2013 жылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск» бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады. ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың келісуінде», - деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгермейді.


作者 Руслан Ғаббасов
关键词: Жол,
回到顶部