今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Теміртауда апатты жағдайда тұрған бірқатар оқу орындары жөндеуден өтеді

22 一月 2022 05:00

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда Күләш Байсейітова көшесінде 2018 жылы апатты деп танылған №15 орта мектеп-гимназиясы жөнделеді. Екі қабатты типтік ғимарат 1953 жылы салынған. Онда теміртаулықтардың бірнеше ұрпағы білім алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гимназияда тәрбиеленген түлектердің көпшілігі осы уақытта елге танымал.

Мектеп шамамен 500 оқушыға шақталған. Ата-аналар әрқашан балаларын сол жерге беруге тырысты, себебі ол әрдайым білім беру сапасының көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда болды. Жылдар өте ғимарат апатты жағдайға жетті. 2018 жылы техникалық тексеру оның күрделі жөндеуді қажет ететінін көрсетті. Онда қабаттардың арасындағы ақаулар бары анықталды. Оқу орнын қалпына келтіру қаланың шығыс бөлігіндегі мектептеріне жүктемені азайтуға көмектеседі», – дейді Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.




Мектепте күрделі жөндеу көктемде басталады. Қазір ескі ғимаратты қалпына келтіретін мердігер анықталды. Күрделі жөндеуден кейін мектепке ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың есімі беріледі.

Сондай-ақ, биыл жөндеу жұмыстары Теміртау қаласындағы бірінші классикалық лицейде және Ақтау кентіндегі №32 жалпы білім беретін мектепте басталады. Теміртауда барлығы 29 мектеп бар, олардың екеуі жекеменшік.


回到顶部