今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да коронавируспен күреске тартылған медқызметкерлерге 5,7 млрд теңге үстемеақы төленді

28 九月 2021 15:13

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында коронавируспен күрес шараларына тартылған денсаулық сақтау нысандарының 17 357 қызметкеріне 5,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, биылғы сегіз айда коронавирус жұқтырған 10 845 науқас 6,7 млрд теңгеге ем алды.

Барлығы 114 880 ПТР-диагностикаға 930,6 млн, сондай-ақ мобильді бригадалардың 59 397 рет шыққаны үшін 341,5 млн теңге жұмсалды.

Нұржамал Шамғонқызының сөзіне қарағанда, осы кезеңде жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекциялары, пневмония, ауруханадан тыс пневмония және ковидтен емдеу үшін 21 893 науқас 78,9 млн теңгенің дәрілік заттарымен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 13 988 балаға 18, 6 млн теңгенің дәрілік заттары берілді.

Коронавирустан емдеуге амбулаториялық-дәрілік қамтуға арналған 5 препарат енгізілді. Сол препараттармен 7 809 пациент 67,5 млн теңгеге қамтамасыз етілді.

«Сегіз ай ішінде стационарларда мамандандырылған медициналық көмек те берілді. Жоспарлы түрде 23 328 пациент 3,6 млрд теңгеге емделді. Сонымен қатар 1,39 млрд теңгеге 5 843 ота жасалды. Осы мерзімде 140 015 пациент 4,4 млрд теңгенің дәрілік заттарымен қамтылды», деді Н.Жұмағұлова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны соңғы аптада 22,09 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.



回到顶部