今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-дағы кірістер департаментінің маманы 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

24 五月 2022 17:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді. Ол «Ж» ЖШС директорынан салық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


回到顶部