今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық жастар кімдермен кездеседі

15 四月 2021 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бүгін кезекті жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бүгін, 15 сәуірде күндізгі сессияда Кенже Мұратұлы (52 келі) өзбек боксшысы Шахзод Мұзафаровқа қарсы шығады. Ал Елнұр Сүйінбай (60 келі) Никарагуа елінен келген Микаэль Эрнандеспен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессиида қыздар арасынан Айшагүл Елеубаева (54 келі) мен Нұржан Аманкелді (69 келі) шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де кешкі сессия 21.00-де басталады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14 сәуірде шаршы алаңға еліміздің атынан екі боксшы шықты. Қазақстандық Кенже Мұратұлы (52 келі) шотландтық Леннон Малллиганды жеңді. Ал Мәди Әміров (91 келі) италиялық Лука Тистареллиден мықты екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, 13 сәуірде қазақстандық Ерболат Сабыр алғашқы кездесуінде венгриялық қарсыласын қапы қалдырды.

Әлем біріншілігінде қыздар арасында Назерке Серік (57 келі) моңғол, Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) италиялық қарсыласын жеңіп, жарыстың 1/4 финалына шықты.

Естеріңізге сала кетелік, жастар әлем чемпионатында еліміздің атынан 20 боксшы бақ сынауда.

Айта кетейік, әлем чемпионатында жігіттерден Санжар Тәшкенбай (49 келі), Кенже Мұратұлы (52 келі), Ерболат Сабыр (56 келі), Елнұр Сүйінбай (60 келі), Сабыржан Ақхалықов (64 келі), Нұржан Аманкелді (69 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Ерасыл Жакпеков (81 келі), Мәди Әміров (91 келі) және Аманат Сабырғали (91 келіден жоғары) cынға түседі.

Ал қыздарда Арайлым Марат (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (51 келі), Айшагүл Елеубаева (54 келі), Назерке Серік (51 келі), Жұлдыз Шаяхметова (60 келі), Милана Аюпова (64 келі), Жасмин Қизатова (69 келі), Дана Дидай (75 келі), Әсел Сағатова (81 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.


回到顶部