今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Болат Сүгірбаев пен Нұрлан Жалғасбаевқа өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді

26 一月 2022 09:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен екі Елшіге өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;




Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.





回到顶部