今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Болгариядағы жол апатынан қаза тапқандар саны 45-ке жетті

26 十一月 2021 19:33

СОФИЯ. ҚазАқпарат – Болгарияның Ұлттық тергеу қызметі мен прокуратурасының тергеушілері жұма күні жанып кеткен автобустың ішін қосымша тексеру кезінде 45-ші адамның мүрдесін тапты. Олар Болгарияда македониялық автобустың апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық істі тергеумен айналысып жатыр. Бұл туралы BTV телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбі күні прокуратура өкілдері брифингіде оқиға орнында 44 адамның денесінің табылғаны және жеті адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы мәлімдеген болтын. Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, Болгарияға кірер кезде автобустың ішінде 52 адам болған.

Солтүстік Македония автобусы сейсенбі күні түнде «Стурма» автомагистралінің 31-ші шақырымында Болгария астанасына жақын жерде апатқа ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, Туркиядан Скопьеге бағыт алған туристік автобус ылғал жолдың үстінде бірінші жол қоршауына соғып, одан кейін өртенген. Апаттың мән-жайы зерттеліп жатыр, әзірге негізгі нұсқа – жүргізушінің қателігі.


关键词: Әлем, Оқиға, Көлік,
回到顶部