今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

CҚО-да полицейлер екі ай бойы қашып жүрген қарақшыны ұстады

26 七月 2021 22:16

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында адам тонап, ізін суытқан қарақшы екі айдан кейін қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 мамырда түнде екі қарақшы Петропавлдың орталығында адамға шабуыл жасап, 100 мың теңгеге жуық ақшасын тартып алған. Күдіктілердің бірі - 20 жастағы қала тұрғыны ізі суымай ұсталды. Екіншісі бұрын бұзақылық үшін сотталған 28 жастағы Бескөл ауылының тұрғыны қаладан қашып кеткен. Оған полицейлер іздеу жарияланды.

Жедел ақпарат бойынша, күдікті Алматыда жасырынған, кейін Петропавлға оралған. Тәртіп сақшыларынан қашып, таныстарының құжаттарына ресімделген жалдамалы пәтерде тұрып жүрген. Алайда қулығы іске аспады. Криминалдық полиция қызметкерлері оның соңына түсіп, 20 шілдеде қолға түсірді. Күдікті қамалды.

«Күдікті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен кезеңде ұсталды. Жалпы операция өткен уақытта іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды. Жыл басынан облыс полицейлері қылмыс жасады деп күдіктелген 18 адамның жүрген жерін анықтады», - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.


回到顶部