今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ірі есеппен ұтты

7 十二月 2021 16:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Первоуральскіде жергілікті «СКА-Свердловск» командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Матчты қарқынды бастаған оралдықтар сапынан ресейлік сұрмерген Максим Пахомов қатарынан екі мәрте мергендік танытты. Содан кейін команда капитаны Максим Өтебалиев биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты. Сосын М.Пахомов тағы екі допты айдын иелерінің қақпасында тулатып, есепті 5:0-ге жеткізді. «СКА-Свердловск» командасынан Алексей Борисов 12 метрлік айып добын дәл орындады – 1:5.

Екінші тайм басталғаннан кейін көп ұзамай Дмитрий Чернов пен А.Борисов «Ақжайық» қақпасын дәл көздеді – 3:5. Дегенмен Нұрбол Бөкешовтің пасынан кейін ресейлік легионер Сергей Башаев есепті ұлғайтты – 6:3. Орал допты хоккейінің түлегі Павел Чебаков та өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:3. М.Өтебалиевтің пасынан кейін М.Пахомов осы бәсекедегі бесінші голын соқты – 8:3. Бұдан соң Максим Өтебалиев аттасының пасын сәтті пайдаланды – 9:3. «СКА-Свердловск» сапынан Виталий Брызгин қатарынан екі голдың авторы атанды – 5:9. М.Өтебалиев осы ойындағы үшінші, төртінші және бесінші голын соқты. Қорытынды есеп – 12:5.

Осылайша төрт матчтан кейін 9 ұпай жинаған «Ақжайық» үшінші топта көш басына көтерілді. Әр топтан алдыңғы үш орынға ие болған командалар финалдық сайыстарға жолдама алады.

Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі кездесулерін 10-11 желтоқсанда Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщикпен» өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қатарынан екінші жеңіске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.




回到顶部