今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

El Úmiti: Алматыда 200-ден астам оқушы Елбасы медаліне ие болды

28 九月 2021 16:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 200-ден астам оқушы арнайы «Елбасы медаліне» ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласында жыл сайын әртүрлі фестивальдер мен жарыстарға қатысатын дарынды оқушыларды анықтау және дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі «El Úmiti» бастамасын іске асыруға ерекше назар аударылады.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, өткен оқу жылында осы бастама аясында Алматыда 200-ден астам оқушы арнайы «Елбасы медаліне» ие болды.

Осы ретте «El Úmiti» бастамасын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін «Елбасы академиясы» корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваға Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алғыс хатын табыстады.

Қалада балаларға қолдау көрсету шаралары жалғасып жатыр.


回到顶部