今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде нан бағасы қымбаттауы мүмкін бе

28 九月 2021 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Осыған байланысты алдағы жылға нан бағасына болжам жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік нарықта және біздің елде де бидай бағасының өсімі байқалады. Дегенмен талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай елімізде нан бағасы тұрақты. Ұн да, нан да жеткілікті деңгейде өндіріліп жатыр. Қазір елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын, бидай қамбаларға құйылып жатыр. Сол сияқты нарықтағы бидай бағасы өсіп, ол нан құнының қымбаттауына алып келмес үшін тиісті шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, тапшылық байқалған жағдайда нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға резервтен бидай беру жоспарланып отыр. Әлеуметтік нан бағасының күрт өсімі болмайды», - деді ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні республика бойынша 15,5 млн гектар жерден дәнді дақыл жиналған.


回到顶部