今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда құрылысшылары жалдап тұрған: СҚО-да өртенген үйден 15 адам эвакуацияланды

28 十月 2021 17:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шығып, бір адамды құтқаруға, 15 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чайковский көшесіндегі 13-үйде екі балконның жанып жатқандығы туралы хабарлама 101 нөміріне сағат 14.06-да түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер алдымен, көк түтінге оранған пәтерден 51 жастағы ер адамды автосатының көмегімен алып шықты. Сондай-ақ тағы 15 тұрғынды, соның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

«Өрт үйдің 3-қабатындағы балконнан шығып, үстіңгі қабаттың балконына ауысқан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Құтқарылған ер адам мас болды», - дейді Петропавл қалалық № 3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ернар Рүстем.


Жалынмен күреске 6 техника және 25 адам жұмылдырылып, 20 минуттың ішінде толық сөндірілді.

Құтқарылған ер адамның айтуынша, пәтерді бірнеше адам жалдап тұрады. Астаналық бригада Петропавлда құрылыс нысанында жұмыс істейді.

«Мана келіп түскі асты ішіп кетті. Қайсысының темекіні өшірмей кеткені белгісіз. Мен өзім үнемі сөндіріп жүремін. Түсте демалуға жатқанмын. Оянып кетсем көк түтін, тұншығып барады екенмін. Әзер есімді жинап алдым», - дейді ер адам.


回到顶部