今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Nur Otan партиясының «Партия күні» жобасы таныстырылды

15 四月 2021 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Есіл аудандық әкімдігінде Nur Otan партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Партия күні» жобасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаның негізгі мақсаты - жауапты тұлғаларды ауданның өзекті мәселелерін шешуге партия мүшелері ретінде тарту. Алғашқы «Партия күні» ашық және еркін форматта өтті. Бастаманы қолдау үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары да қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға бұдан былай да Мәжілістің, қалалық мәслихаттың депутаттары, орталық және жергілікті органдардың жауапты тұлғалары шақырылады. «Партия күнінің» алғашқы басқосуында тұрғындарға қолайлы тұрмыс жағдайын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«Бүгін біз «Партия күні» аясында алғаш рет кездесіп отырмыз. Бұл өзекті мәселелерді шешудің тың тәсілі деп айтуға болады. Біз Nur Otan берген артықшылықтарды барынша пайдалануымыз керек. Мәслихаттағы партия депутаттарының, Мәжіліс фракциясының депутаттарымен тікелей өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық бағытты одан әрі дамыту мақсатында біз Мәжілістегі Nur Otan фракциясымен тікелей байланыс орнатуға мүдделіміз. Бұл бізге мәселелерді Мәжіліс деңгейінде көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша Мәжіліс депутаттары белгілі бір мәселелер бойынша салалық министрліктерге қозғау сала алады», - дейді Nur Otan партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Берік Жәкенов.




Оның айтуынша, биыл Есіл ауданында 95 аула, 19 спорт алаңы абаттандырылады. Сондай-ақ, ауданның алты учаскесінде саябақтар мен скверлер салу жоспарланған.




回到顶部