今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ораза ұстағандарға ыстық тамақ таратылды

15 四月 2021 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айында елорданың дін істері жөніндегі басқармасы мен діндерді зерттеу орталығы «Нұр-Астана» мешіті ұжымымен бірлесіп, аузы берік мұсылмандарға ыстық тамақ тарата бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Рамазан айы сәуір айының 13 күні басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. Мамыр айының 8-нен 9-на қараған түні Қадір түні, 13 мамыр күні Ораза айт мерекесі атап өтіледі.

Барша мұсылман үшін бұл ай жақсылық пен ізгілік айы. Ислам дінін ұстанушылар қайырымдылық жасап, сауап жинауға тырысады. Сол себепті де, қайырымды жандар мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жақсылықтың жаршысы атануға ниетті.





Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттерде жылдағыдай ауызашар өткізілмейді. Сондықтан карантин талаптарын сақтай отырып, әрбір адамға жекелеген тамақ бокстары жеткізілді. Сонымен қатар, мешіттерде тарауық намазы мен жұма намазы да оқылмайды.

Айтат кетершігі, Рамазан айына байланысты ақпаратты немесе дін саласына қатысты қандай да бір сұрақ пен ұсыныс болса iKomek109 нөміріне хабарласуға болады, қоңырау шалу тегін.


回到顶部