今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада педагогтар мен студенттер ЖОО-ға Ashyq арқылы кіргізіледі

5 八月 2021 21:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жоғары оқу орындарының ректорларымен алдағы оқу жылына дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір айдан соң оқушылар мен студенттер үшін жаңа оқу жылы басталады. Оқу орындарын оффлайн форматта қайта ашу үшін қалада ауқымды вакцинация жүргізіліп жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті дер кезінде қалыптастыра отырып, қалыпты өмірге орала аламыз», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-парақшасында.

Әкімнің мәліметінше, елордада барлығы 17 ЖОО болса, соның 11-і бүгінде Ashyq жобасына қосылған. «Ол оқытушылар мен студенттерді қауіптен қорғауға мүмкіндік береді. Қалған университеттер де Ashyq жобасына қосылуы керек. Сонымен қатар, оқу орындарын санитайзерлермен жабдықтау, медициналық пунктердің жұмысын күшейту, студенттер ағынын үйлестіруді ұйымдастыру және тағы басқасы қажет.Оқытушылар мен студенттер (18 жастан асқан) екпе алуы тиіс. Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, коронавирустың таралу ошақтары пайда болса қашықтан оқытуға қайта көшуге мәжбүр боламыз.
COVID-19 статистиканың артында әрбір адамның өмірі тұрғанын түсінген жөн! Екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» - деді Нұр-Сұлтан басшысы.


回到顶部