今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеуге қатысқан күдікті ұсталды

21 一月 2022 22:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеді деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар 35 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ұсталған азамат Шу ауданы Төле би кентінде «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқан.

Қылмыстық қудалаудан бой тасалап жүрген ер адам 9 қаңтарда елордаға келіп, жалға алған пәтерде тұрып жатқан», - делінген мәліметте.

Департаменттің дерегіне қарағанда, күдікті ретінде ұсталған жігіттің сыртынан іздеу жарияланған.

«14 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаменті Шу полиция бөлімі күдіктіге іздеу жариялады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Енді ол іздеу жариялаған полиция бөлімшесіне жіберіледі», - деп жазады елордалық департаменттің баспасөз қызметінен.


回到顶部