今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадағы 10 мектепке тарихи тұлғалардың есімдері берілді

28 九月 2021 13:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы 10 мектеп пен 1 филармония және 1 театрға Қазақстанның тарихи тұлғалары, танымал жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысы Сәкен Есіркеп жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордамыздың 10 мектебі мен 2 мәдениет мекемесіне тарихи тұлғалардың есімін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 669 қаулысы шықты. Мұны мекеме ұжымдары, ғалымдар, зиялы қауым, жалпы көпшілік көптен күтіп жүр еді»,-деді ол.

Сонымен:

№ 35 мектеп-лицейге Нəзір Төреқұловтың;

№ 51 мектеп-гимназияға Мұстафа Шоқайдың;

№ 53 мектеп-лицейге Бауыржан Момышұлының;

№ 54 мектеп-лицейге Ақселеу Сейдімбектің;

№ 61 орта мектепке Қаныш Сəтбаевтың;

№ 67 гимназияға Ілияс Есенберлиннің;

№ 74 мектеп-гимназияға Мұқағали Мақатевтың;

№ 78 мектеп-гимназияға Смағұл Сəдуақасұлының;

№ 86 мектеп-гимназияға Мұхтар Әуезовтің;

№ 90 гимназияға жазушы Қайым Мұхамедхановтың;

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына Еркеғали Рахмадиевтің;

Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Nomad City Hall» театрына Əзірбайжан Мəмбетовтің есімі берілді.

«Құтты болсын! Бүгін ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні. Сондықтан бүгінгі жаңалық әйгілі қаламгердің 124 жылдығына жақсы сый болды деп ойлаймын. Алдымызда әлі біраз мектеп пен мемлекеттік нысанға да ірі тұлғаларымыздың атын беру жоспарда бар. Бәрі өз ретімен, қолданыстағы заңнамалық рәсімге сәйкес іске асады»,-делінген жазбада.


回到顶部