今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордадан Ыстанбұлға бет алған ұшақ Атырауда шұғыл қонды

24 九月 2021 07:56

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға бет алған Boeing 767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 қыркүйек күні кешкісін Түркияның Ыстанбұл қаласына бағыт алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе лайнерінің жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты қонуына тура келген. Алайда, мамандар бұл деректі әзірге растаған жоқ, бұл тек болжам ғана. Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы, соның ішінде бес бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Авторы: Виктор Сутягин


回到顶部