今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың Есіл ауданында 124 мүлік иелері бірлестігі құрылды

15 四月 2021 18:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада құрылған 240 мүлік иелері бірлестігінің 124-і Есіл ауданына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қанат Аббасов Nur Otan өкілдері ұйымдастырған «Партия күні» шарасында айтты.

«Бүгінде қала бойынша 240-тан астам МИБ құрылса, соынң 124-і Есіл ауданына тиесілі. 2020 жылдың 9 қаңтары мен биылғы 14 ақпан аралығында қала тұрғындарымен «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша 5 кездесу өткізілді. ZOOM арқылы онлайн кездесул өткізу үшін Есіл ауданы 28 учаскеге бөлінген. Жалпы қарқын жаман емес. Тұрғындар қызығушылық танытып жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, кейбір кемшіліктер бар», - деген Қанат Аббасов МИБ төрағалары жауапкершіліктен қорқып, өз лауазымынан бас тартқан кездер болғанын еске алды

«МИБ төрағалары ақшаны ысырап еткені, меншік иелерінің қаражатын дұрыс бөлмегені үшін қылмыстық жаза арқалайтыны туралы білгенде қызметінен босатуды өтінгендер болды. Бірақ жергілікті атқарушы органның пәтер иелері арасындағы қарым-қатынасқа араласуға құқығы жоқ, Өйткені МИБ төрағасын пәтер иелерінің өздері сайлады. Соған қарамастан әкмдіктен келіп көмек сұрайды. Біз тек кеңес беріп, түсіндіруге ғана қауқарлымыз» - деді әкімдік өкілі.


回到顶部