今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорданың кейбір мекемелері жұмыс режимін жүйелі бұзып келеді

20 六月 2021 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторингтік топтары өткен тәулікте бес кәсіпкерлік нысанда карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіпкерлік нысандар арасында шектеу шараларының бұзылғанын анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.
Мәселен, өткен тәулікте, 19 маусымда Сарыарқа ауданында жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан «Советсткий» сыра бары мен «Факир» кафесі жұртшылықты қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Байқоңыр ауданында орналасқан «Все Свои» кафесі де осындай жазаға тартылды.

Алматы ауданының мониторингтік тобы «The DOM» бары жұмыс режимін бұзғанын, ал «Sova» караоке-клубында әлеуметтік қашықтық сақталмағанын анықтады.

Карантинді бұзушыларға қатысты жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды, карантин режимін қатаң сақтауы және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық дәрігердің ұсыныстарын ұстануы керек.


回到顶部