今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Энергетика саласындағы жобаларда 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

28 九月 2021 10:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы жобаларын талқылау кезінде Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отын энергетикасы саласындағы жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрияландыру картасын іске асыру аясында министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, отын-энергетика кешені саласында 4,5 трлн теңге құрайтын 19 жобаны іске асыруда. Республикалық картада 4,3 трлн теңге сомасына үш жоба көзделген. Бұл жобалар аясында шамамен 12 550 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде құрылыс кезеңінде он бір мыңға жуық адам және пайдалану кезеңінде 1 650 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2021 жылы 25 млрд теңге болатын бір жоба жүзеге асырылды», - деді М. Мырзағалиев.

Оның айтуынша, жалпы сомасы 4,3 трлн теңге болатын 2 жоба қазіргі таңда іске асырылып жатыр. Сондай-ақ Өңірлік картада екі жүз млрдтеңге сомасына 16 жоба көзделген. Бұл жерде үш мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, құрылыс кезеңінде екі жарым мың адамды және пайдалану кезеңінде 450-ше жуық адамды жұмыспен қамту көзделген. Бүгінгі таңда бір жоба салынып бітті. Оның жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрады. 15 жоба іске асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы – екі жүз млрд теңгеге жуық.

«Оның ішінде 14 жобаны биыл жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бір жобаны іске асыру 2022 жылға жоспарланған», - деді министр.


回到顶部