今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» атты академиялық басылым жарық көреді

28 十月 2021 14:18

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты академиялық басылым әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов «Ұлық ұлыс — Алтын Орда» атты халықаралық конференцияда мәлім етті.

«Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты академиялық мақаласында Қазақстанның тарихын жаңа жүйелі түрде зерттеу қажеттігін баса айтқан болатын. Қазіргі уақытта Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының негізінде беделді тарихшы ғалымдардан құралған топ «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» көптомдық академиялық басылымын әзірлеп жатыр. Басылымның 3-томы «Жошы Ұлысына» арналған. Институт аталған томға жауапты болып, осы бағытта жүйелі зерттеу жүргізеді», — деді министр.

Ведомство басшысы ғалымдар Алтын Орда тарихын зерттеу бойынша гранттық және нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру шеңберінде 15-ке тарта ғылыми жоба жүзеге асырып жатқанын мәлім етті.

«Ғалымдар «Жаңа дереккөздерді аудару және Алтын Орданың этносаяси тарихын зерттеу» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бағдарламаның мақсаты — Жошы Ұлысының этносаяси тарихын Қазақ хандығының тарихи бастамасы ретінде зерттеу.

Халық арасында Алтын Орда тарихы туралы кәсіби ғылыми білімді насихаттау. Атырау жерінде Ұлық Ұлыстың астаналарының бірі – Сарайшық бар. Бұл қалада Алтын Орда хандарының біразы таққа отырды.

Сарайшықта Ұлыс Жошының бірқатар хандары, Ноғай ордасының бектері, сондай-ақ Қазақ хандығының жекелеген хандары жерленген.

Сарайшық – тарихымыздың символдық астанасының өте маңызды құрамдас бөлігі. Сарайшықтың мәдени мұрасын, тарихын жан-жақты сақтап, зерделеуіміз қажет.

Бұл бағытта кешенді археологиялық ізденістер жүргізіледі. Ескерткіштің материалдық және рухани мәдениетінің негізгі элементтерін қайта қалпына келтіру арқылы қуатты мемлекетіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптейтін боламыз», — деді Асхат Аймағамбетов.


回到顶部