今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Facebook атауын өзгертті

29 十月 2021 01:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Facebook атауын Meta деп өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда оның басты әлеуметтік желісінің атауы бұрынғысынша қалады.

Ребрендинг туралы Facebook девелоперлерінің жыл сайынғы конференциясында жарияланды. Ресми көзқарас бойынша әлеуметтік желінің жаңа атауы компанияның қазіргі қызметіне толық сәйкес келеді.

Facebook кейінгі кездері адамдардың жұмыс істеп, ойын ойнап, өзара пікір алмасуына мүмкіндік тудыратын онлайн әлем құру туралы жоспарларынан хабардар етіп келген болатын.

Әлеуметтік желінің атауының өзгеруімен бірге Facebook-тің өнімдеріне қатысты сыни пікірлер де айтылмай қалмады. Мысалы компанияның бұрынғы қызметшілерінің бірі Фрэнсис Хауген Facebook-тің желіні қолданушылардың мүддесінен көрі пайда табуға барынша көңіл бөліп келгендігін айтқан.

Айта кетейік, 2015 жылы Google де құрылымын өзгерткен болатын. Ол басты компанияның атауын Alphabet деп өзгертті. Дегенмен компанияның өнімдері бұрынғы атауларын сақтап қалды.


关键词: Әлем, Қоғам,
回到顶部