今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді

16 十月 2021 21:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-туры аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдың алғашқы ойын күнінде төрт кездесу өткізілді.

Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Ақтөбемен» шеберлік байқасты. Ойын барысында алматылық клуб сапынан 31-минутта Артур Шушеначев есеп ашса, 41-минутта Гүлжігіт Алықұлов есепті үстемелей түсті. Ал 73-минутта Нұрәлі Әліп автогол авторы атанды. Ойында «Қайрат» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті. Алдымен атыраулық Аллеф Де Андраде Родригеш 47-минутта есеп ашса, одан кейін шымкенттік клубтан Сұлтанбек Астанов – 56, Абдуллай Диакате 73-минуттарда қос гол соғып кетті.

Тағы бір кездесуде Қарағандының «Шахтері» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен сүріндірді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды 70-минутта Идрис Умаев өзінің еншісіне жазды.

Сондай-ақ, Оралда «Ақжайық» пен Түркістанның «Тұраны» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Екінші ойын күні 17 қазанда жалғасады. Бұл күні Талдықорғанның «Жетісуы» мен «Тараз», Петропавлдың «Қызылжары» мен Қостанайдың «Тобылы», елордалық «Астана» мен Қызылорданың «Қайсары» кездеседі.


回到顶部