今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды

25 五月 2022 08:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты топтық кезеңі аяқталды.

А тобынан Швейцария, Германия, Канада, Словакия үздік төртікке енсе, В тобында Финляндия, Швеция, Чехия және АҚШ осындай мүмкіндікке ие болды.

Енді ширек финалда құрамалар төмендегіше жұп құрады:

Чехия мен Германия;

Швеция мен Канада;

Швейцария мен АҚШ

Финляндия мен Словакия.

Ширек финал ойындары 26 мамырда өткізілсе, жартылай финал 28 мамырға белгіленген. Финал 29 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіліп жатыр.

Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топ-дивизионда А тобында жетінші орын алып, үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды.

Әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсті. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары басты.


回到顶部