今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кабулда Ауғанстанның Қазақстаннан берілетін гуманитарлық көмекке мұқтаждығы талқыланды

27 九月 2021 10:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Кабулдағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.

Оның пікірінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны атап өтілді.


回到顶部