今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында мембағдарламалар бойынша 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды

5 八月 2021 21:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 7 айында Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 18 мың жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ осы уақыт ішінде өңір тұрғындарына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 685 грант берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингіде

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеу Мұхтар мәлім етті.

«Өз ісімен айналысқысы келетіндер үшін «Бастау Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы бар, онда кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 583 мың теңге сомасында өтеусіз грант немесе жеңілдікті

мөлшерлемелер бойынша микрокредит алуға болады. Осы жылдың 7 айында жоба бойынша оқуға 1 538 адам жіберілді. Бағдарлама қатысушыларына 685 грант және 471 шағын несие берілді. Шағын несиелер негізінен мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, азық-түлік пен киім өндірісіне, халыққа қызмет көрсетуге, ТҚС ашуға, жолаушылар мен жүк тасымалына берілді», – деді Төлеу Мұхтар.




«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Онда жан- жақты кеңес алуға болады.

Сондай-ақ, өңірде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. Биыл олар 75 мыңнан астам адамды қамтуды жоспарлап отыр. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 41 000 адамды, ЖҚЖК аясында 800 адамды, басқа бағдарламалар бойынша 33 700 жұмыссызды жұмысқа орналастыру қажет.

«7 айдың қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 25 мыңға жуық адам қамтылып, 21 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 930 адам жіберілді. Жастар тәжірибесіне 653 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 5 571 адам тартылды. «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 80 адам жұмыс тапты. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды», – деді Төлеу Мұхтар.

Халықтың әлеуметтік осал топтары да мемлекеттен қолдау алады. Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек 3 521 отбасыға бөлінеді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі 3 967 балаға тағайындалды. Сонымен қатар, АӘК алушыларға 2 566 дәрі-дәрмек қобдишасы берілді.

«Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірде әлеуметтік қызметтер порталы құрылды, ол арқылы мүгедек адамдар оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден өздері сатып ала алады. Олар арнайы әлеуметтік қызметтерді ресімдей алады, оңалтудың техникалық құралдарына тапсырыс бере алады, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің, санаторий-курорттық емдеудің қызметтеріне жүгіне алады», – деп атап өтті спикер.

Мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі көзделеді. Портал қосымша тұтынушы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша ақы төлеу мүмкіндігін қарастырады. 1

тамыздағы жағдай бойынша портал арқылы 19 335 техникалық оңалту құралдары мен қызметтеріне тапсырыс берілді, олардың 14 328-і орындалды.

Сондай-ақ, осы жылдың шілде айында облыс тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1414 нөмірі бойынша бірыңғай Call-орталық ашылды, онда әлеуметтік портал жұмысы туралы сұрақтарға жауап алуға болады.


回到顶部