今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасы қалай орындалуда

27 九月 2021 05:27

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Саяси кеңес бюросының кеңейтілген отырысында Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасын сегіз ай ішінде жүзеге асыру барысы талқыланды. Ол жеті бағыт бойынша барлығы 130 тармақтан тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, партиялықтар Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесіп, нақты қажеттіліктер мен проблемаларды білген еді. Қала және ауыл тұрғындарының 1 500 өзекті ұсынысы негізінде олар 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірледі. Онда 6 400-ден астам іс-шара және 1 715 нысаналы индикатор бар.





Өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жеті басымдық қалыптастырылды. Олардың арасында әлеуметтік-экономикалық даму, жастарды қолдау, қылмыс деңгейін төмендету және тағы басқасы бар.

«Есепті кезеңде 29 тармақ орындалды. Тағы 90-нан астам жоба аяқталуға жақын. Биыл негізгі капиталға кемінде 810 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда, оның 80% астамы – жекеменшік», – деді Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Жыл соңына дейін 14 жаңа өндіріс іске қосылып, 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы тиіс. Бірнеше жоба сәтті жұмыс істеп жатыр. Бұл Жәйрем тау-кен байыту комбинаты, Qaz Tehna автозауыты, QazCarbon байыту фабрикасы, «Трубпром» полиэтилен құбырларының өндірісі.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Жол картасының орындалуы бойынша жұмысты күшейтуді және барлық жоспарланған жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.





回到顶部