今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: ШҚО-да түнгі клубтар жұмысына рұқсат берілді

22 十月 2021 00:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында түнгі клубтар «Ashyq» жүйесінде «жасыл» статусы бар келушілер үшін жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жаңа жұмыс режимі белгіленген.

«Облыс «қызыл» және «қоныр қызыл» аймақта болғанда нысандар жұмыс және демалыс күндері сағат 00.00-ге дейін, ал «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 02.00-ге дейін ашық болады. «Сары» аймақта сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 03.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал «жасыл» аймақта сағат 03.00-ге дейін, жоба көшбасшыларына сағат 05.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді»- делінген құжатта.

Осы ретте, демалыс күндері мекеме қызметкерлері мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы тиіс. Сондай-ақ өңірде түнгі клубтар «Ashyq» жүйесінде «жасыл» статусы бар келушілер үшін жұмыс істей бастады.



回到顶部