今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Президенті Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

25 十月 2021 20:46

АШХАБАД. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапарының соңында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.

Тәуелсіздік монументі түрікменнің дәстүрлі киіз үйі бейнесінде салынған. Монументтің айналасында Түрікменстан билеушілері мен әскери жетекшілерінің, ойшылдары мен өнер қайраткерлерінің мүсіндері қойылған.

Қазақстан Президенті дәстүр бойынша Түрікменстанның жүргізіп отырған бейбітшілік, достық және тату көршілік саясатын білдіретін құрметті қонақтар аллеясына тал екті.



















回到顶部