今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда ауызсу мәселесін шешуге 498 млрд теңге жұмсалады

13 十月 2021 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге бөлу көзделуде.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге көзделген», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов.

Оның айтуына қарағанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 95% сапалы сумен жабдықтау көзделген, бұл көрсеткішті қалада – 98%, ауылда – 91,8% жеткізу жоспарланған.


回到顶部