今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

6 五月 2021 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 585 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілмек.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысында күрделі жөндеумен 248 шақырым жол қамтылған: «Қазталовка-Жәнібек-Ресей шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын». Алматы обласында жұмыстар «Алматы – Бішкек» (Алтын Орда) және «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасы» автомобиль жолдарында жүргізілуде.

Сондай-ақ, жол саласы қызметкерлері күрделі жөндеуді Қостанай облысындағы «Жезқазған – Петропавл» мен «Ресей шекарасы - (Екатеринбургке) – Алматы» тас жолдарында жүргізуде. Павлодар облысында «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» және «Ленин – Ақсу – Көктобе – Курчатов» жол учаскелері жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Бұдан бөлек, биыл Солтүстік Қазақстандағы «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолы жөнделмек.

Айта кету керек, күрделі жөндеу жолдың барлық компоненттеріне ұзақ қашықтықта әсер етеді. Ол топырақты нығайтуға, ақауларды жоюға, дренаж жүйесін ретке келтіруге және жабынды жөндеуге мүмкіндік береді. Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша күрделі жөндеуден кейін 62 шақырым республикалық жол пайдалануға беру көзделіп отыр.


回到顶部