今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда Еңбек күні атап өтілуде

26 九月 2021 07:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елімізде Еңбек күні атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2013 жылдың 22 қазанында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіру, өндіруші еңбекті ынталандыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау және өндіріс саласына жастарды тарту, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленген болатын. Бұл атаулы күні Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту аясында бекітілген еді.

Сонымен қатар «Еңбек ардагері» медалі де беріле бастады.. Марапат еңбек қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс озаттарына, еңбек өтілі 40 жылдан асқан, бір салаға кемінде 10 жыл еңбек сіңірген жұмысшыларға беріліп келеді.


回到顶部