今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда израильдік медициналық зертхана іске қосылады

16 六月 2021 14:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» мен израильдік Aid Genomics компаниясы арасында медициналық зертхананы өтеусіз беру туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов қатысып, Израильдің коронавируспен күрестегі жетістіктерінің аясында бірегей зертханалық жабдықтың берілуі инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауда ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті.

Дипломат сондай-ақ Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласында белсенді ынтымақтасып, мамандарға үнемі тренингтер өткізіп, медициналық зерттеулер саласында тәжірибе алмасып отырғанын хабарлады.

Өз кезегінде, Aid Genomics Бас директоры Снир Зано біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарды жоғары бағалай отырып, ең жаңа модельдегі зертхананың түрлі геномдық жобаларда пайдаланылуы мүмкін технологиялардың жоғары дәлдікті молекулярлық-диагностикалық мүмкіндіктерін көрсете алатындығын атап өтті.




Жобаны іске асыру аясында израильдік серіктестер зертхананы іске қосуға және оны одан әрі пайдалану үшін өз мамандарын Қазақстанға жіберуді, сондай-ақ жергілікті медициналық мамандарды ұйретіп, оқытуды жоспарлап отыр.

AID Genomics Limited - қатерлі ісік және жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыратын медициналық технологияларға маманданған халықаралық компаниялар тобы. Aid Genomics-тің дайындалған эксперименттік платформаларын онкология, молекулалық биология, молекулалық патология, геномика және биоинформатика саласындағы жетекші мамандар тобы әзірледі. Компания Израильде жүргізілген ПТР тест ардың 70% қамтамасыз ет кен .














回到顶部