今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда мектеп психологтарының саны артады

28 十月 2021 23:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы орта білім беру мекемелерінде педагог-психолог мамандарының сары еселене түспек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі мектепте психологиялық қолдау көрсету қызметін күшейту. Қазіргі таңда еліміз бойынша мектептерде 7 мыңнан астам педагог-психолог еңбек етіп жатыр. Кейбір оқушылар ата-анасы мен мұғаліміне айтпайтын жайттарды психолог мамандарға жеткізіп жатады. «Педагог мәртебесі» туралы заңның аясында аталған мамандардың жалақысы өсті. Сондай-ақ, биыл министрлікке қарасты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы жанынан психологиялық орталық ашылды. Одан бөлек, мектептегі педагог-психолог мамандарының санын көбейту бағытында жұмыс істеудеміз», - деді Дулат Жекебаев.

Сондай-ақ, министрлік өкілі білім беру ошақтарында жұмыс істейтін психолог мамандардың жұмыс алгоритмі қайта қаралатынын тілге тиек етті.

Бұған дейін Балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілі Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерді тәулік бойы арнайы күзет қызметінің қадағалауына беру мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін елордада террористік қауіп-қатерге қарсы күрес тақырыбына арналған 8-ші республикалық конференция өтті.

Аталған шарада елімізде күзет қызметімен айналысатын жеке ұйымдарға лицензия қандай талаппен берілетіні айтылды.

Одан бөлек, күзет қызметкерлеріне қойылатын талап пен оларды даярлау жоспары қайта қаралып жатқандығы хабарланды.



回到顶部