今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тұрғын үй сапасын тексеретін зертхана іске қосылуы мүмкін

3 八月 2021 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жаңадан салынатын тұрғын үйлер мемлекеттік зертханадан өтуі мүмкін. Құрылыс саласындағы жаңалық туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс саласында қазақстандықтарды жиі мазалайтын сұрақтардың бірі тұрғын үй сапасы. Өздеріңіз білетіндей, біздің министрлік жол сапасын жақсарту мақсатында арнайы зертхана құрды және ол өз нәтижесін беріп жатыр. Сол тәжірибеге сүйене отырып, тұрғын үй құрылысы сапасын қадағалайтын зертхана құру жоспары бар. Осы мақсатта қазіргі таңда заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. Яғни Үкіметке өз ұсынысымызды білдіретін боламыз. Тұрғын үй құрылысы сапасын арттыруда зертхана қажет-ақ. Өйткені, зертхана көрсеткен қорытындыға қарап үйдің қаншалықты сапалы салынғанын білуге болады. Және зертхана жұмысы жобаның басынан бастап, тұрғын үйді пайдалануға бергенше жүргізіледі», - деді Қ. Өскенбаев баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, құрылыс саласын цифрландыру мен автоматтандырудағы басты мақсат – сапа пен тұтынушының сенімін арттыру.

«Әрине құрылыстың сапасына оны салған компания тікелей жауапты. Дегенмен мемлекеттік бақылаудың орны бөлек және ол заңнмен реттелуі тиіс. Сапалы тұрғын үйдің санын арттыруда зертхана біраз мәселені ашып көрсетеді», - дейді ол.

Бұған дейін министрдің бірінші орынбасары елімізде тұрғын үй құрылысы барысын бақылайтын ахуалдық орталықтың құрылғанын айтты.


回到顶部