今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда «Жаужүрек полк» акциясы өтуде

9 五月 2021 12:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 9 мамырда Жеңіс күні аталып өтуде. Жыл сайын соғысқа қатысқан майдангерлердің ұрпағы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батырларды еске алады. Биыл пандемияға байланысты «Жаужүрек полк» акциясы екінші рет онлайн режимде өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батырлардың онлайн шеруі бүгін сағат 10:00-де басталды. Акция трансляциясы әлеуметтік желілердегі жоба аккаунттарында өтуде.

Еске сала кетейік, қазақстандық қоғам қайраткерлері мен блогерлерінің тобы «Жаужүрек полк» акциясын онлайн режимде өткізу үшін qaharman1945.kz порталын іске қосты. Жоба «Жаужүрек полк» деген атау алды.

Жоба авторларының айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты акцияны офлайн өткізу мүмкін болмай отыр, осылайша, олар соғыс Батырларына құрмет көрсетуге шешім қабылдады.

Акцияға қатысу үшін qaharman1945.kz сайтына кіріп, өзіңіздің Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырыңыздың суреті мен сипаттамасын қалдыруыңыз керек.

Сонымен қатар «Жаужүрек полк» Қазақстанның Екінші Дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жеке қазақстандықтардың жетістігі туралы айтады.

Соғыс жылдары Қазақстанда барлығы 12 атқыштар, 4 кавалерия, 7 бригада, 50 полк жасақталған. Олардың ішінде соғыста көзге түскердері 8-ші, 20-шы, 73-ші гвардиялық және 387-ші атқыштар дивизиясы болды.

Қазақстаннан майданға республика халқының 25%-ы, 18-50 жас аралығындағы ер адамдардың 70%-ы жіберілді.

Жүзден аса отандасымыз жауынгерлік ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталды. 500-ге жуық адам Кеңес Одағы Батыры атағын алды, 110 қазақстандық үш санаттағы Даңқ орденімен марапатталды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды.

Айқас үстінде қаза тауып, жарақаттар мен аурулардан қайтыс болған, іс-түссіз жоғалған және тұтқыннан қайтпаған қазақстандықтар саны – 630 мың адам.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Жеңіс күнін тойлайды. Биыл 1941-1945 жылдары болған КСРО мен фашистік Германияның соғысындағы Жеңіске 76 жыл толды.


回到顶部