今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандағы көлік-логистика саласы пандемия жағдайында қалай жұмыс істеп тұр

31 七月 2021 00:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда көлік-логистика саласына пандемияның тигізген әсері қандай және карантин кезінде аталған салаға қалай ықпал етті. Бұл сұрақтарға елордадағы «Темір сервис» көлік-логистика стансасының басшысы Ринат Сәлімгереев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, жұмыс барысына пандемия өз әсерін тигізді. Санитарлық талаптарды сақтау яғни жұмысшылардың температурасын күніне 2 рет өлшеу, маска тағу, шоғырлануға жол бермеу деген секілді. Бастапқыда осы ережелер түсініспеушілік жағдайын туғызды, кейін келе қалыпты әдетке айналды. Пандемияға қарамастан санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысымызды жалғастырдық. Себебі біз тасымалдайтын жүк тауарлары халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы зор болды», - деді Ринат Сәлімгереев баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, санитарлық талаптардың қатаң сақталуының нәтижесінде көлік-логистика саласы пандемия кезінде жұмысын тоқтатпаған.

«Біздің тасымал орталығында 40 адам жұмыс істейді. Біз сырт елден келетін жүк тасымалымен ғана емес ішкі айналыммен де шұғылданамыз. Олардың қатарында халық жиі тұтынатын тауарлар, электроника және тұрмыс заттары бар. Қажет жағдайда күніне 90 контейнер жүкке дейін қабылдап немесе жөнелте аламыз. Сонымен қатар, жүктерді сақтау мүмкіндігі бар, ол үшін тауарларды белгілі температурада сақтайтын қоймалар жұмыс істейді», - дейді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік-логистика орталығына күніне қанша жүк келіп түсетінітуралы хабарлаған едік.

«Біздің көлік-логистика орталығы 2015 жылы құрылды. Қазіргі уақытта елордалық терминал жылына 250 тонна жүк қабылдайды. Ал ай сайын 300-400 вагон жүк жеткізіледі. Бұл орталық бір мезгілде 2 мың контейнер жүк қабылдап, оны одан әрі жеткізе алады», - деді «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау қызметі департаментінің директоры Ержан Байғожин.


回到顶部