今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандағы сауда орталықтарында «Тілек ағашы» пайда болады

18 五月 2022 19:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұрғындарды ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындауға тартуды көздейтін «Армандар орындалады» республикалық акциясы бастау алды. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл соңына дейін барлық өңірлерде «Тілек ағашы» және «Вох dream» сияқты акцияларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл іс-шаралар бізге ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындауға танымал адамдарды, меценаттар мен демеушілерді, сондай-ақ белсенді азаматтарды мүмкіндігінше көптеп тартуға көмектеседі. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, сондай-ақ еліміздің 14 өңіріндегі сауда-ойын-сауық орталықтарында балалардың армандары жазылатын «Тілек ағашын» орнатамыз. Бұл тілектерді кез келген адам орындай алады»

, - дейді жоба жетекшісі Шәміл Ванкеев.

«Вох dream» акциясы аясында танымал тұлғаларға ауыр дертке шалдыққан балалар туралы ақпарат пен оның арманы жазылған брошюралары бар қораптар жіберілмек. Сондай-ақ, жұлдыздар жобаға арнайы роликтердің жүргізушісі ретінде шақырылады. Роликтер арқылы жобаға қатысатын әрбір баланың арманы қалай орындалғанын білуге болады.

Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Ол 100 баланың тілегін орындауға мүмкіндік береді деген жоспар бар.

Бұған дейін хабарланғанындай, қайырымдылық мақсатта жасалған мобильді аударымдар кәсіпкерлік табысқа жатпайды.


回到顶部