今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды

21 五月 2022 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты.

Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.

Бұл - І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы жарыстың финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.



回到顶部