今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік абстрактілі ұғым емес – Зарема Шәукенова

2 十二月 2021 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік абстрактілі ұғым емес. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі Зарема Шәукенова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан 30 жыл бұрын халқымыздың тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстанның Тәуелсіздігін алуы. Бұл оқиға тек қазақстандықтар үшін ғана маңызды болып қоймай, сонымен қатар бүкіл адамзаттың даму траекториясына оң әсер етті. Әлемде қолда бар ядролық арсеналдан бас тартқан алғашқы мемлекет бола отырып, Қазақстан ядролық қарудан азат әлем құру үшін тек саяси ерік-жігер ғана қажет екенін дәлелдеді. Семей полигонын жабу арқылы Қазақстан әлемде жүргізілген барлық ядролық сынақтардың төрттен бірін тоқтатып қана қоймай, ядролық сынақтардан бас тартудың жаһандық үрдісін қалыптастырды. Бүгінде әлемнің 88 мемлекеті Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімге қол қойды. Біз адамзаттың осы жетістігіне қосқан үлесімізді мақтан ете аламыз», - деді ол Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» сараптамалық дөңгек үстел отырысында.

Сонымен қатар ол Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқан қазақстандықтардың басым көпшілігі болашаққа сеніммен қарайтындығын және өз елін мақтан ететіндігін баса айтты

«Елордамыз, Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы жетістіктері, мемлекеттің ЭКСПО, Қысқы Универсиада, күрес түрлерінен әлем чемпионаты сияқты ірі халықаралық шараларды өткізу мүмкіндігі мақтаныш сезімін оятады. Геннадий Головкин, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов, Мария Мудряк, Данэлия Тулешева, Скриптонит, Дана Ақылбекова, Артур Тұралиев және басқа да жерлестерімізді мақтан тұтамыз. Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік абстрактілі ұғым емес, оның нақты практикалық мазмұны бар. Бұл – біздің барлық этникалық және конфессиялық әртүрлілігіміздегі бірлігіміз, ол дамыған экономика, әлеуметтік лифттер, өз пікірімізді ашық білдіру және елдің саяси басқаруына қатысу мүмкіндігі», - деді Зарема Шәукенова.


回到顶部