今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

1 八月 2021 18:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК күнннің қатты ысуына байланысты республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде ерекше өрт қауіпі туындайды.

Қызылорда облысында 2 тамыз күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады да, соңғы шаңды дауылға ұласады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 2 тамыз күні 41 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 2 тамыз күні найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан кей жерлерінде 41 градус ыстық болады, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде 2 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында 2-4 тамыз күндері күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. 2-4 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 2-4 тамызда облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда 2-4 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. 3-4 тамызда күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 31 шілдеде мен 1 тамыз күндері 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 2 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазғанда күндіз 2 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысында 2 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Петропавлда 2 тамызда түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

2 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде 35 градус аптап ыстық болады.

Павлодар қаласында 2 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с болады.

Күндіз 1-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.


回到顶部