今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазТрансГаз шетелдік БАҚ-тың Қазақстанда құбырдан метан ағып кетті деген ақпаратын жоққа шығарды

3 八月 2021 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГаз» компаниясы Алматы облысындағы газ құбырынан метанның ағып кетуі туралы болжам жасалған шетелдік БАҚ-тарда шыққан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәлімдеуінше, бірқатар шетелдік БАҚ Еуропалық ғарыш агенттігінің Sentinel-5P спутнигінің суреті мен деректерін талдауға сілтеме жасай отырып, күмәнді ақпарат таратқан. Онда 2021 жылдың 24 шілдесінде Алматы облысындағы газ құбырынан метанның ағып кетуі туралы болжам жасалған. Хабарламада Kayrros SAS геоаналитикалық компаниясының мәліметтері келтірілген, ол «шығарындылар деңгейі сағатына 200 тонна метанды құрады» деп мәлімделген.

«Осыған байланысты «ҚазТрансГаз» АҚ жарияланымдарда келтірілген деректер шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдейді. «ҚазТрансГаз» АҚ өз объектілерінде қауіпсіздікті, соның ішінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Ақпарат құралдарында жариялаған 10 миллион текше фут немесе 300 мың текше метр көлеміндегі газдың ағып кетуі туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды және компанияның тәулік бойы жұмыс істейтін қауіпсіздікті бақылау жүйесінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес.

«Азиялық газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – «АГҚ» ЖШС), сондай-ақ «Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбырында және Алматы облысының газ тарату жүйелерінде аталған күні (2021 жылғы 24 шілдеде) табиғи газдың ауаға таралуы болған жоқ», делінген хабарламада.

Ұлттық оператордың мәлімдеуінше, аталған координаттарда «АГҚ» ЖШС-ның «Қазақстан-Қытай» МГҚ КС-6 орналасқан. Осы «АГҚ» ЖШС-ның компрессорлық стансасында 2021 жылдың 24 шілдесінде атмосфераға 16,7 мың текше метр немесе 0,5 млн текше фут көлемінде газ айдайтын жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген. Барлық растайтын құжаттар мен актілер бар.

Бұл шығарындылар Алматы облысы бойынша 2021 жылға арналған «АГҚ» ЖШС-ның шығарындылар квотасына кіреді.

«Газды қауіпсіз тасымалдау үшін газ құбырларының тұтастығына тұрақты мониторинг жүзеге асырылады. Құрал-жабдықтар мен құрылыстардың ықтимал зақымдануының алдын алу және анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін магистральдық газ құбырлары бойынша трассаларды айналып ұшу және айналып өту, ал тарату желілері бойынша «ДЛС-ПЕРГАМ» газ анализаторын пайдалана отырып тексеру жүргізіледі», делінген хабарламада.


回到顶部