今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұрт тұрғыны әлеуметтік желіде экстремизмге үндейтін жазбалар таратқан

3 十二月 2021 20:56

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері «ВКонтакте» қолданушыларының бірі экстремистік бағыттағы діни аудио және бейнематериалдарды жариялап, таратқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел шара нәтижесінде Қазығұрт ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Күдіктінің үйін тінту барысында жедел уәкілдер діни мазмұндағы әдебиеттерді, дискілер мен ұялы телефондарды тауып, тәркіледі.

Бұл жайтты тәртіп сақшылары тіркеп, сараптамаға жолдады.

Нәтижесінде анықталған материалдарда терроризм мен экстремизмді насихаттау белгілері бар екені расталды.

Қазіргі уақытта ҚК 256-бабы 2-бөлігі «терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.


回到顶部