今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұртта бірнеше тойхана иесі карантин режимін бұзған - Түркістан облысы

24 七月 2021 13:42

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері тұрғындардың саулығы үшін карантин режимінің сақталуын қатаң түрде бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізген іс-шараларының нәтижесінде Қазығұрт ауданында карантин талаптарын сақтамай, қағидалардың бұзылуына жол берген бірнеше тойхана иесі анықталды.

Атап айтқанда, Қазығұрт ауданындағы елді мекеннің бірінде орналасқан тойханада 150-ден астам тұрғын жиналып, «Үйлену той» өткізіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар тағы бір тойханада 50-ден астам адам бас қосып, «Беташар» өткізген.

Аталған той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.


回到顶部