今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Киелі табиғат: Атыраулық оқушылар саябаққа жеміс ағаштарының көшетін екті

8 五月 2021 23:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Елімізде бастау алған «Киелі табиғат» экологиялық жобасын атыраулық оқушылар да қолдады. Олар аталған жоба аясында саябаққа жеміс ағаштарының көшетін екті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірім ұйымының атқарушы директоры Айымгүл Қосалиеваның айтуынша, акцияға жас белсенділер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының волонтерлары қатысқан.

«Бұл жоба бірнеше мақсатты көздейді. Біріншіден, жас буынның табиғатқа жанашырлығын ояту. Екіншіден, қаланы көгалдандыруға үлес қосу. Үшіншіден, өзіміз ауасын жұтып, суын ішіп отырған қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Міне, осындай маңызды мақсаттарды іске асыру үшін Достық үйі жанындағы саябақты таңдап алдық» -дейді Айымгүл Қосалиева.




Атыраулық белсенділер мен волонтерлар саябаққа жеміс ағаштары мен шағанның 25 түп көшетін еккен. Мұндай акция 25 мамырға дейін жалғасқалы отыр.





回到顶部